Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодарлық кәсіпорын жұмысшыларына 100 млн теңге қарыз

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2018 22:14 Baq.kz
Бұл кәсіпорында бас-аяғы 120 жұмысшы еңбек етеді.

Павлодарлық «Энергоинвест-ПВ» кәсіпорны өз жұмыскерлеріне 100 млн. теңгеден астам қаржы берешек. Мамандар қаңтар айынан бері жалақы алмаған, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Еңбек қатынасы бұзылған соң, мамандарға жұмыстан шығару жөнінде құжат келген. Бұл кәсіпорында бас-аяғы 120 жұмысшы еңбек етеді.

Машинист Қайрат Байқановтың айтуынша, қиындықтар 2017 жылы туынаған. Бүгінде кәсіпорынның жұмыскер алдындағы қарызы 1 млн. теңгеден асып кетіпті.

«Күте, күте шаршадық. Жалақы берілмеді, оған қоса кәсіпорын жабылатыны туралы хабар келдік. Алдымен, күнкөріс үшін туыстарымнан біраз тиын-тебен қарызға алып жүрдім. Несие алуға мүмкіндік жоқ, себебі соңғы алты айда зейнетақылық аударымдар болған жоқ», - дейді машинист.

Барар жері қалмаған еңбеккерлер мемлекетті кемкемелерге хат жазып, көмек сұраған. Құзырлы мекемелерге хат жазып, Павлодар қаласы әкімінің қабылдауында да болыпты.

Жұмыскерлердің еңбек құқықтарының бұзылғанын облыстық еңбек басқармасының мамандары растады.

«Жұмыс берушіге анықталған заңбұзушылықтарға байланысты 250 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Дегенмен, кәсіпорын міндеттерін орындамаған. Сол себепті айыппұлды өндіру бойынша сотқа іс жолданды. Тексеру барысында кәсіпорын басшысының атында Астана және Алматы қалаларында жылжымайтын мүлік тіркелгені анықталды. Қазіргі уақытта жеке сот орындаушылар іске қосылды», - дейді Павлодар облыстық еңбек басқармасының маманы Қазиза Баяхметова.

Шенеуніктерде қайыр болмағандықтан, жұмысшылар ел Президентінің атына хат жолдапты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: