Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылордада заңсыз казино иесі 1 млн теңге пара ұсынған

www.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2018 23:34 www.inform.kz
Қазіргі таңда аталған азамат Қызылорда қаласының №2 сотының үкімімен екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Қызылорда қаласындағы саунаның бірі мен жалдамалы пәтерде астыртын казино ашқан 33 жастағы қызылордалық азамат А.У екі жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол үстіміздегі жылдың қаңтар айында ұсталды. Жергілікті мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметі бұл деректі анықтады.

Саунаны тінту барысында 535 мың теңге мен 645 доллар, покер үстелі, фишкалар және ойын картасы айғақ заттар есебінде тәркіленді.

Ол заңсыз ісін қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінде де жалғастырған. Қос казиноның иесі болған жігіт қылмыстық істі тоқтату мақсатында экономикалық тергеу қызметкерлеріне 1 млн теңге пара ұсынған. Бұл тағайындалған жазаны ауырлата түсті.

«Қылмыстық істі тергеу барысында саунадағы заңсыз казино мен жалдамалы пәтердегі казино бір өндіріске біріктірілді. Соның нәтижесінде қылмыстық іс сотқа жолданып, оған қатысты үкім шықты», - дейді облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Ардақ Биғалиев.

Қазіргі таңда аталған азамат Қызылорда қаласының №2 сотының үкімімен екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Әділжан Үмбет

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: