Жаңалықтар тізбегі
0

Валидаторлар тұрақты жұмыс істемесе, жолаушыларды тегін тасыңдар - Исекешев

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2018 23:22 Хабар 24
Әкім барлық валидаторлардың жұмысын реттеуді тапсырды,

Жаңа оқу жылы қарсаңында Астана әкімі Әсет Исекешев қоғамдық көлік мәселелері туралы жиналыс өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиналыста қала басшысы қала әкімі орынбасарының, Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының, «Астана LRT» ЖШС мен астаналық автобус парктерінің жұмысын қатаң сынға алды.

«Барлық мәселелерді оқу жылы басталғанша шешу керек. Валидаторлардың жұмыс істемеуінен адамдар автобус күтіп тұрмауы керек», - деді Әсет Исекешев.

Оның айтуынша, мемлекет қоғамдық көліктің жұмысын субсидиялау үшін қажетті қаражат бөліп отыр. Желіде автобустарды 90-95% қамтамасыз ете алмайтын, елорда жолаушыларына ыңғайлы және қауіпсіз қызмет көрсете алмайтын автобус парктері келісімшарттан айырылып, өзге автопарктерге орнын босатуы тиіс.

Әкім барлық валидаторлардың жұмысын реттеуді тапсырды, ал олар істен шыққан жағдайда автобусты күттіріп қоймай, барлық жолаушылар тегін жүруі тиіс.

«Валидаторлар тұрақты жұмыс істемесе, жолаушыларды тегін тасыңдар», - деді Исекешев.

Сонымен бірге әкім автобус қозғалысын бақылауға арналған GPS мониторингінің жұмыс істемейтінін, мұның жолаушыларға қолайсыздықтар тудыратынын атап өтті. Электрондық таблодан айырмашылық 3-5 минуттан аспауы керек.

Сондай-ақ әкім «Астана LRT» ЖШС-ге тамыз айының соңына дейін жолақыны QR код, смартфон және интернет-банкинг арқылы төлеуге мүмкіндік беретін қосымша мүмкіндіктер әзірлеуді тапсырды.

Өз кезегінде автопарк өкілдері электронды төлемді енгізу арқылы қаржы айналымының 30% артқанын, бұл қаражатқа қызмет көрсету сапасын жақсартып, біліктілігі жоғары жүргізушілерді көбейтетінін атап өтті. Электронды төлемнің арқасында жүргізушілердің еңбекақысы 300-400 мың теңгеге дейін артқан.

Сондай-ақ автопарк басшылары қоғамдық көлікте билетсіз жолаушылардың саны артқанын, мәселені шешу үшін көліктік инспекция мен жергілікті полиция қызметінің көмекке келуін сұрады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: