Исекешев астаналықтарға үйден шықпауға кеңес берді

kievast.com.ua, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2018 17:46 kievast.com.ua
Қаладағы барлық коммуналдық қызметтер күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуде.

Елорда әкімі Әсет Исекешев Facebook парақшасында астаналықтар мен қала қонақтарынан ауа райының бұзылуына байланысты өте мұқият және сақ болуды өтінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Аса қажеттілік болмаса, мүмкіндігінше үйден шықпауға кеңес береміз. Бұрқасын жел болған жағдайда далада қалған болсаңыз, құрылыс алаңдарынан аулақ жүріп, жарнама ілінген тақталардан сақтанып, электр сымдары мен ағаштардан айналып өту керек", - деп жазды әкім.

Оның айтуынша, Төтенше жағдайлар департаменті кез келген жағдайда 112 нөміріне хабарласуды сұрайды. Дәл қазір қаладағы барлық коммуналдық қызметтер күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: