Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Түркістан облысында 6 депутат өкілеттігін тоқтату жөнінде өтініш берді

Әлібек Өмірәлиев Шымкент қаласынан сайланған депутаттардан осындай өтініш түскенін жеткізді.

Сурет : baribar.kz29 Тамыз 2018, 13:20

Түркістан облыстық мәслихатында 6 депутаттың өкілеттіліктері тоқтатылды. Мұндай шешім мәслихаттың кезектен тыс 29-шы сессиясында қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәслихатта сөз сөйлеген Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев Шымкент қаласынан сайланған депутаттардан осындай өтініш түскенін жеткізді.

«Түркістан облыстық мәслихаты алты депутатының өз өтініштері бойынша өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынысты қарауды сұраймын. Олар - №4 сайлау округінен сайланған Жұмағали Білісбеков, №5 сайлау округінен Қайрат Молдасейітов, №6 сайлау округінен Қилыбек Тұрлыбек, №7 округтен Арман Берденов, №8 сайлау округінен Бахарам Абдукаримов және №9 сайлау округінен Рәшкүл Оспаналиева».

Сессия барысында, сондай-ақ 2018-2020 жылдарға арналған облыс бюджетін нақтылау, облыс әкімдігі құрамына өзгерістер енгізу мәселелері де қаралды. Облыс атауының өзгеруіне байланысты Түркістан облысының Құрметті азаматы атағын беру қағидасы, Түркістан облысының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы ережелері бекітілді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер