Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Елімізде бірқатар мамандықтың лицензиясы қайтарылды

Лицензиясы кері қайтарылған мамандықтардың орнына сұранысқа сай маман иелерін дайындауға көңіл бөлінеді.

Сурет : Хабар 2429 Тамыз 2018, 16:09

Қазақстан колледждерінде оқытылатын 109 мамандық пен жоғары оқу орындарындағы 17 мамандықтың лицензиясы кері қайтарылды, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл туралы еліміздің бас ұстазы Ерлан Сағадиев журналистерге арналған брифинг барысында мәлімдеді. Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылын жауапкерішілікті арттыру жылы деп атады. Оның аясында оқу орындары мен студенттерге қойылатын талап күшейтіледі. Лицензиясы кері қайтарылған мамандықтардың орнына сұранысқа сай маман иелерін дайындауға көңіл бөлінеді. Ал білім ордаларының сапасы түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейімен сипатталатын болады.

- Біз жоғары оқу орындары лигасының құрылғанын толық қолдаймыз. Ол арқылы білім сапасын артады деп ойлаймын. Жоғары оқу орындары талапқа сай жұмыс істеуге дайын. Колледждерде 246 мамандық бойынша модульдік бағдарлама әзірледік. Оқытушыларды қайта дайындадық. Мектеп мұғалімдері үшін де осындай жаңашылдықтар енгізіліп жатыр, -деді ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер