Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Теміртаудағы сұмдықтан кейін барлық балабақшаға бейнекамера орнатылмақ

Енді ата-аналар балабақшада болып жатқан оқиғаны қашықтықтан бақылай алады.

Сурет : sputniknews.kz3 Қыркүйек 2018, 10:50

Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов балабақшаларда қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Шынымен де проблема бар. Біз балалардың қауіпсіздігіне әсер ететін шараларды ұсынып отырмыз. Білім беру ұйымдарын құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету нормативтеріне қатысты бұйрыққа өзгерістер енгізу мәселесін көтердік. Барлық балабақшаны, соның ішінде оқу бағдарламасы өтетін бөлмелерді міндетті түрде бейнебақылаумен қамтамасыз етуді көздеп отырмыз", — деді А.Аймағамбетов.

Оның айтуынша, кейбір балабақшаларда бұл жүйе бұрыннан бар, мұндай мекемелерде ата-аналар аудиторияда болып жатқан оқиғаны қашықтан бақылай алады.

Естеріңізге сала кетейік, таяуда балабақша тәрбиешісі жылаған баланы көрпемен тұншықтырып жатқаны түсірілген видео жарияланып, әлеуметтік желіні дүрліктірген болатын. Оқиға Қарағанды облысының Теміртау қаласында болған.

Облыстық ішкі істер департаменті хабарлағандай, видеоны екінші тәрбиеші биыл мамыр айында түсірген, алайда тек таяуда ғана жария болған. 50 жастағы тәрбиеші баланың тіл алмай қойып, төсекте секіргенін айтып ақталды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер