Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде балалардың діни жоралғыларға қатысуына шектеу қойылмақ

Sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2018 23:59 Sputniknews.kz
Енді кәмелеттік жасқа толмаған балалар діни жоралғыларға ата-анасымен ғана қатыса алады.

Елімізде балалардың діни жоралғыларға қатысуына байланысты шектеу енгізілмек. Бұл туралы мәжілісте діни қызмет туралы жаңа заң жобасын таныстыру барысында дiн iстерi және азаматтық қоғам министрi Нұрлан Ермекбаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тiлшiсi.

"Заң жобасының кейбiр нормаларына сәйкес, 16 жасқа толмаған балалар дiни ғибадатханада немесе мешiт болсын, шiркеу болсын немесе басқа дiни жоралғылар мен жиындарға ата-анасының біреуімен, кәмелетке толған жақын туысқанымен бірге бара алады", — деді Ермекбаев.

Министр, бұдан бөлек, мектепте хиджаб немесе орамал тағу мәселесіне қатысты пікір білдірді.

"Мектепте хиджаб немесе орамал тағып жүру — бiлiм және ғылым министрлiгiнiң құзыретiндегi мәселе. Өйткенi министрдiң бұйрығына сәйкес, мектепте балалар арасында кез келген алауыздықты тудыратын мәселе — қымбат бұйымдар, қысқа көйлектер, оның iшiнде дiни белгiлер де бар. Сондықтан, бұл мәселе "Бiлiм беру туралы" заңда және бiлiм және ғылым министрiнiң бұйрығында өте анық жазылған. Ал қазiргi заң жобасында бұндай норма жоқ. Бiрақ, егер БҒМ осындай норма енгiзуге бастама бiлдiрсе, бiз қарсы болмаймыз", — дедi министр журналистерге.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: