Жаңалықтар тізбегі
0

«Сыбаға» бағдарламасының шарапатын жамбылдық шаруалар көріп отыр

Ерман Әбдиев, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2018 18:27 Ерман Әбдиев
Бүгінгі таңда «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» тарапынан республика бойынша 5 млрд теңгеден астам сомаға шарушалықтардың 267 өтінімдері мақұлданып, бұл қаражатқа ірі қараның 8,5 мың басы сатып алынуда.

Бүгінгі күні «Сыбаға» бағдарламасының шарапатын көріп отырған жамбылдық шаруалардың қатары көбейіп келеді. Солардың бірі - өз кәсібін дөңгелетіп, шаруасын шалқытып отырған «Самат» ШҚ иесі Самат Ақшаев.

Самат Жамбыл ауданы, Көлқайнар ауылдық округі, Ащыбұлақ (Пионер) ауылынан жеті шақырым қашықтықтағы қожалықты 2012 жылы өз атына толық рәсімдеп, сатып алған екен.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2018 18:27

Алғашқы рет «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы үш миллион теңге несие алған қожалық төрағасы тек қожалық иесі ғана болмай, қолда барды ұқсата білуге болатындығына көзі жеткен екен. Және сол қаржыға 60 бас қой, 6 бас сиыр және 3 жылқы алған.

Ауылда өскен қара бала шаруаның жайын білетіндігі көрініп-ақ тұр. Бірден іске кірісіп, мал басын көбейтіп, өзіне де, өзгеге де кәсіп тауып отырған азаматтың ендігі ойы мал басын көбейту еді. Әрине, ол мақсатына Самат жете де білді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2018 18:27

Ол бүгінгі күні «Сыбаға» бағдарламасы аясында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы 12 миллион теңге несие алып, ұсақ мал басын 383 басқа көбейтті. Оның өзінде де асыл тұқымды мал басын еселеуде қазақы тұқымдас мал басына алуды көздеген. Соның арқасында қорасында еділбай қазақы қойы көбейіп келеді.

Алған қаржысын жеті жылда толық өтейтініне ол кәміл сенімді. Қожалық бүгінгі күні үш азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Олардың орташа айлық жалақысы 70 мың теңге.

Жалпы, Самат Ақшаев бұл кәсіпті отбасылық кәсіп деп есептейді. Көмекшілері ұл-қыздары. Жайылымы да жетерлік. Жаз айларында өзіне қажетті шөпті шабындықтан шауып, дайындайды.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2018 18:27

- Мал басын жергілікті мал базары арқылы алып отырмыз. Әрине, оның жерсінуі және өзіміздің табиғатқа ыңғайлы болуы біз үшін өте керек. Ал мал басын асылдандыруда көрші Түркістан облысынан еділбай қоршқарларын алып отырмыз. Бүгінгі күнге 18 бас қошқар алдық. Жалпы, 22 бас қошқарға жеткізу ойда бар.

Сондай-ақ, қазір осы қаржы арқылы 15 тонна жем мен 250 бума шөп те алып отырмыз. Биылғы қыстан аман есен шығатын түріміз бар. Жергілікті әкімдік те қолдан келген көмегін көрсетіп отыр.

Біз етті Меркі ет комбинатына өткіземіз. Соған қолдау көрсетуде. Бізден еттің келісін 1200 теңгеден қабылдауда. Үкімет тарапынан алған несиенің үстемесін 4 пайызға дейін төмендетуге субсидия қарастырылған. Бұл да үлкен көмек.

Жалпы, ағымдағы жылы «Сыбаға» бағдарламасының игілігін көру үшін жамбылдық шаруалардың көбісі ынта танытып отыр екен. Бағдарламаның шарттары шаруалар үшін тиімді болып тұр: 70 млн теңгеге дейін несиелер 15 жылға беріледі. Пайыздық үстемесі – жылына 14%, мемлекеттің субсидиясын есептегенде – жылдық 4%. Тиімді жылдық сыйақы үстемесі – тиісінше, 16,4 % және 4,4 %. Несиелік қаражатты шет елден ірі қара малды, жергілікті үсақ малды, сонымен қатар, қажетті техника мен құрылғыларды сатып алуға жұмсауға болады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2018 18:27

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы Жамбыл филиалының директоры Өксікбай Оразымбетовтың айтуынша, биылдың өзінде қой басын көбейту үшін 24 шаруаға 250 млн теңге көлемінде несие беріліп, оған 7,6 мың бас мал алынған екен. Сондай-ақ, алты шаруаның құжаттары мақұлданып, тағы 20 құжат қаралып жатыр.

Ал ірі қара басын көбейту үшін жамбылдық екі шаруаға 65 млн теңге қаржы берілген, бұл қаржыға 193 бас ірі қара алынған. Сонымен қатар, тағы 11 млн теңгеге жобалар мақұлданып, 276 млн теңгеге ірі қара сатып алу үшін жобалар қарастырылуда.

Жалпы, бүгінгі таңда «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» тарапынан республика бойынша 5 млрд теңгеден астам сомаға шарушалықтардың 267 өтінімдері мақұлданып, бұл қаражатқа ірі қараның 8,5 мың басы, 40 мыңға жуық ұсақ малдың басы сатып алынуда. Қаржыландыру жалғасуда.

Ерман Әбдиев


zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: