Жаңалықтар тізбегі
0

Су тасқынына байланысты 20 мыңнан астам отбасы мемлекеттік қолдауға ие болды

Ақша, мемлекеттік қолдау, су тасқыны, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2024 12:19 Сурет: Zakon.kz
ҚР Үкіметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша биыл су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу жұмыстарын жалғастыруда. Бүгінгі таңда 20 601 отбасы 7,4 млрд теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бүгінгі таңда 20 601 отбасы 7,4 млрд теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Мал шығыны үшін берілген мемлекеттік көмек көлемі 1,1 млрд теңгеден асты", делінген Үкімет сайтында.

11 мамырдағы жағдай бойынша, 130 отбасы ескі тұрғын үйлерінің орнына жаңа баспанаға ие болды. Бұл ретте Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында зардап шеккен азаматтарға берілетін 239 жаңа үй салынып жатыр.Сонымен қатар 568 отбасы 710 млн теңгеден астам сомаға тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы алды. Жалпы алғанда зардап шеккен өңірлерде 9995 тұрғын үй тексеріліп, 7522 нысанда бағалау жұмыстары жүргізілді. 

Мемлекеттік қолдау, су тасқыны, кесте, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.05.2024 12:19

Сурет: primeminister.kz

"Залалды өтеу жұмыстары жалғасуда және Үкіметтің қатаң бақылауына алынған. ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша барлық зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі", делінген хабарламада.

Айта кетсек, ҚР ТЖМ мәліметінше, бүгінгі таңда су тасқынынан зардап шеккен 54 389 адам өз үйлеріне оралды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: