Жаңалықтар тізбегі
0

Су тасқынынан зардап шеккен 717 отбасы жаңа үйлер мен пәтерлерге ие болды

Бұған дейін Құлсары қаласының 2 мыңнан астам тұрғыны тұрғын үйді қалпына келтіру үшін өтемақы алу туралы келісімге қол қойғаны хабарланған болатын., сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2024 09:32 Сурет: pixabay
Қазақстан Үкіметі су тасқыны салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсету бойынша жұмысты жалғастыруда. Мәселен, 31 552 отбасы 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

717 отбасы қираған баспанасының орнына жаңа үй мен пәтерге ие болды. Мәселен, Қостанай облысының тұрғындарына 298 үй/пәтер ұсынылса, Ақмола облысында — 85, Ақтөбе облысында — 121, Солтүстік Қазақстан облысында — 135, Батыс Қазақстан облысында — 70, Қарағанды облысында — 6, Павлодар облысында — 2 жаңа баспана берілді. Зардап шеккен тұрғындарға арнап шамамен 1 862 жаңа үй салынып жатыр.

Су тасқынынан зардап шеккен 717 отбасына жаңа үй мен пәтер берілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2024 09:32

Сурет: primeminister.kz

3 981 отбасы тұрғын үйін жөндеуге және қалпына келтіруге деп өтемақы алды.

5 066 отбасына жоғалған аса қажетті дүние-мүлкін сатып алу үшін 150 АЕК мөлшерінде қосымша көмек көрсетілді.

Бұдан басқа, зардап шеккен 34 ШОБ субъектісінің жалпы сомасы 377 млн теңгелік шығыны өтелді. Барлық облыста өңірлік және аудандық комиссиялар жұмыс істеп жатыр. Шығындарды өтеу және құжаттарды тапсыру тәртібін түсіндіру үшін 1432 нөмірі бойынша "Атамекен" ҚР ҰКП "жедел желісі" іске қосылған.

Бұған дейін Құлсары қаласының 2 мыңнан астам тұрғыны тұрғын үйді қалпына келтіру үшін өтемақы алу туралы келісімге қол қойғаны хабарланған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: