Семейде жоғалып кеткен үш баланың анасы өлі күйінде табылды

altaynews.kz altaynews.kz
20 тамызда үйінен шығып кетіп, сол беті оралмаған.

Кеше Семей қаласында 20 тамыздан бері іздеу салынып келе жатқан Динара Әубәкірованың денесі табылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, осыдан он күндей бұрын Семейде үш баланың анасы жоғалып кетті деп жазған едік.

Динара Әубәкірова 20 тамыз күні үйінен шығып кетіп, сол беті оралмаған. Еріктілердің айтуынша, 38 жастағы әйел Нахаловка елді мекеніндегі үйінен сағат кешкі бес шамасында шыққан. Өзімен бірге телефонын да, құжаттарын да алмаған көрінеді.

Он күнге жуық полиция қызметкерлері мен еріктілер тобы Динараға іздеу салған еді. Кеше оның өлі күйінде табылды деген ақпарат таралды. Бұл туралы Rina.kz еріктілер тобының Вконтакте әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланыпты.

Динара Әубәкірованың қайдан табылғаны және қандай жағдайда қаза болғаны әзірше белгісіз.

Ресми емес ақпарат бойынша, оның денесі Ертіс өзенінен табылған екен.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз