Жаңалықтар тізбегі
0

Абылайханның бюсті Үржардағы мектептің қуысында жатыр

altaynews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.09.2018 21:50 altaynews.kz
Жеті жыл бойы Абылайханның бұл бюстін Үржар ауданы керек қылмай отырғаны жанға батады

Осыдан бірнеше жыл бұрын аудан орталығы Үржарда Горький атындағы орта мектеп батыр атамыз Бауыржан Момышұлының, Крупская атауы Абылайхан атына берілсін деген аудандық мәслихаттың шешімі шыққанда қуанбаған жан қалмаған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«Өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанды», деп жұрт тақияларын аспанға атқан. Рас, аудандық, облыстық мәслихаттардың шешімі шыққанымен, екі мектептің атауларын өзгерту мораторийлерге байланысты тоқырап қалған. Мораторий алынып, премьер- министрдің шешімімен алдымен Горький мектебіне даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының аты беріліп, мектептің алдына батыр атамыздың граниттен сомдалған мүсіні (кешігіп болса да) қойылды. Ал бұл күнді Баукеңнің бюсті Үржардағы мүсінші Бекбаевтың бақшасында бес жыл бойы сарыла тосқаны және рас.

Жұрт бір әкімнің тұсында жасалған істің екінші әкім келгенде неге іске алғысыз болатынын түсіне алмай дал. Игі істің ел игілігіне жарағанын қалайды олар. Алайда, бұған аса қуана қоймайтындар да бар екен. Өйткені, осындай қақпақыл Абылайханның да басына түсіп, батыр бабаның граниттен сомдалған бюсті аталмыш мектептің қуысында басына кенеп жабылған күйі екі жылдан бері «тығылып» отыр.

Бюстті граниттен қашап жасаған Семей қаласы мен Үржар ауданында бірнеше ескерткіш сомдаған, өңірімізге белгілі скульптор, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі Оразамбай Бекбаев та бұған наразы:

-Бауыржан Момышұлының мен сомдаған бюсті бақшамда бес жылдан астам ешкімге керексіз болып тұрып, үлкен күшпен әйтеуір тұғырына қонғанын жақсы білесіздер. Мәселенің мәнісі әлеуметтік желілер арқылы премьер-министрге жетіп шешімін тапқан болатын. Енді Абылайханның да кеудемүсіні осының кебін құшатын түрі бар. Мектепке аудандық, облыстық мәслихаттардың шешімдерінен соң бірнеше жылдардан кейін әрең дегенде атауы берілген. Бірақ, екі жыл болды, бюст көрінбейтін қалтарыста ешкімге керексіз болып тұр. Мұны жергілікті биліктің жауапсыздығы демей не дейміз!? -дейді мүсінші Оразамбай Бекбаев.

Орекеңнің сөзі пәрменді, өйткені ақиқаттың аты ақиқат. Жалпы, бюст жасалғалы жеті жыл уақыт өтті. Жеті жыл бойы Абылайханның бұл бюстін Үржар ауданы керек қылмай отырғаны жанға батады. Елдігімізді сақтап қалуда орасан іс жасаған баба бейнесі жас өркеннің жадында қалуы үшін жасалған жұмыстың лайықты орнын тапқаны жөн болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: