Жаңалықтар тізбегі
0

Астық жинау жұмыстары қазан айының соңына дейін жалғасуы мүмкін

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2018 15:28 Хабар 24
Биыл 15 млн гектар аумақтан астық жинау көзделген.

Қамбаға қанша астық құйылады, жиын-терім қай уақытқа дейін жалғасады. Күзде күн тәртібінен түспейтін мәселе осы. Биыл астық жинау жұмыстары қазан айының соңына дейін жалғасуы мүмкін деген болжам бар, деп хабарлайды Хабар 24.

Әрине, жауын-шашын мұрсат берсе. Соңғы күндері ауа райының қолайсыздығына байланысты Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола және Павлодар облыстарында орақ науқаны тоқтап қалды. Алдағы аптада күн ашық болса, диқандар іске кірісуге дайын. Елдегі Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті директорының орынбасары Ақпар Мәуленовтің айтуынша, биыл 15 млн гектар аумақтан астық жинау көзделген. Былтырғы жылмен салыстырғанда өсімдік шаруашылығын әртараптандыру мақсатында бидай алқабы қысқартылған. Есесіне арпа, сұлы және майлы дақылдардың көлемі ұлғайтылып отыр. Ал күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін 394 мың тонна арзандатылған жанар-жағармай бөлінді. Бүгінде әр облыс белгілі бір мұнай зауытына бекітіліп, кесте бойынша қажетті отынмен қамтамасыз етіледі.

- Биылғы болжанып отырған астық көлемі 20 млн тоннадан астам. Оның экспортқа кетеді деп болжанып отырған көлемі 9 млн тонна. Оның ішінде 6 млн тоннасы астықпен кетеді, қалғаны ұн түрінде кетеді. Кететін негізгі елдер сол бұрынғы нарық. Орта Азия, Ауғанстан, Иран, Қытай, Италияға тағы бірқатар мемлекеттер, - дейді ҚР АШМ департамент директорының орынбасары Ақпар Мәуленов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: