Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы көшелеріндегі жөндеу жұмыстары 1 қыркүйекке дейін аяқталады

almaty-akshamy.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2018 15:34 almaty-akshamy.kz
Жалпы, биыл қалада 157 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған болатын.

Алматы көшелерінде жүргізіліп жатқан қарқынды құрылыс аяқталуға жақын. Қазіргі таңда тегістелмеген 17 көше ғана қалып отыр. Ол тамыз айының аяғына дейін толық жасалады, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы арнасына сілтеме жасап.

Жалпы, биыл қалада 157 көшеде орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған болатын. Одан бөлек, тозған трамвай рельстері алынып, орнына жайлы жолдар төселуде. Веложолақтар салынып, жүргіншілерге қолайлы жағдай жасалуда.

Биыл Мақатаев, Байтұрсынов және Жароков көшелеріндегі трамвай рельстері алынды. Ұзын-ырғасы, 15 шақырымнан асатын темір жолдардың орны тегістеліп, асфальт төселді. Шойын жолдардың жалпы ұзындығы 64 шақырым болса, оларды түгелдей аршу жұмыстары 2019 жылы аяқталмақ. Ал теміржолдар алынған көше бойларына веложолдар сызылды. Бүгінде веложолақтың жалпы ұзындығы 78 шақырымға жеткен. Одан бөлек, қазіргі таңда бірнеше жолайрық құрылысы жүріп жатыр

«Алматы қаласы бойынша үш көлік жолайырығы салынып жатыр. Олар: Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысындағы, Жансүгіров көшесі мен Сейфуллин көшесінің қиылысындағы және Рысқұлов даңғылы мен Құлжа күре жолының қиылысындағы жолайрықтарының негізгі құрылымдары салынуда. Аяқталу мерзімі – 2019 жылдың желтоқсан айы», – деді Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Сағындық Телібаев.

Биыл қалада 155 шақырымды құрайтын 157 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде, 140 көшеде жұмыс толық аяқталған. Қазір тек 17-сі қалып отыр. Мердігерлер оқу маусымы басталғанша тас жолдарды тегістеп бітуі тиіс. Алатау ауданындағы 5 шағын ауданының жобалау сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамадан өтіп, қазір байқауға хабарлама берілген. Тағы 12 шағынауданның құжаттары әзірленіп жатыр. Одан өзге, Наурызбай ауданындағы 41 көшені жасау жоспарланған.

«Орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер компания 3 кепілдік беруі тиіс. Яғни, егер жұмыс аяқталған соң осы уақыт аралығында ол бүлінсе, не кемшіліктер анықталса, оны өз қаржысына қалпына келтіруі керек», – деді Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Нұрзат Ордабаев.

Сонымен қатар, Назарбаев даңғылының бойы түгелдей жаңарады. Бас-аяғы 7 шақырым аумақты қамтитын даңғылдың қос бетінде жүргінші жолына толықтай кеспе тастар төселінеді. 80 мың шаршы метрді қамтитын аумақтың 20 мыңы көгалдандырылмақ. Сондай-ақ, даңғыл бойында орналасқан барлық шамдар, соңғы үлгідегі әсем түрлеріне ауыстырылады. Содан кейін жүргіншілер жолының бойына 200 орындық орнатылып, әр қайсысының жанына қоқыс жәшігі қойылмақ. Оған қоса, 3 субұрқақ жасалады.

«Назарбаев даңғылын үшке бөлдік. Бір жартысы Қостанайдан әкелінген кеспе тастан, бір жартысы граниттен, бір жартысы Алматыдан шығарылатын кеспе тастан болмақ. Жаяу жүретін адамға өте әдемі. Ең басынан соңына дейін газон себіледі. Кішкентай ағаштар, гүлдер отырғызылады. Бұрындары қарапайым көрінетін. Енді бәрі әсем болады», – деді құрылысшылар тобының жетекшісі Әділхан Әбдіғапаров.

Қазір Тимирязев көшесінде де жұмыс қауырт. Мұнда БРТ желісі іске қосылмақ. Осы арқылы қоғамдық көліктер еш кедергісіз жүйтки алады. Желі іске қосылғаннан бастап солға қарай бұрылуға рұқсат етілмейді. Қоғамдық көліктер жолдың ортасымен, ал жеке машиналар көшенің қапталымен жүретін болады.

«Тимирязев көшесінде жөндеу жұмысы қыркүйек айының бірінде аяқталады. Мұнда тек асфальт төселіп қана қоймай, барлық коммуникация ауыстырылып жатыр. Одан бөлек, троллейбус желісі де жасалуда», – деді «Жол-құрылыс компаниясының» вице-президенті Александр Шевелев.

БРТ желісінің алғашқы кезеңі 8 шақырымнан асып жығылады. Бұл жоба Мұстафин, Сүлейменов, Жандосов, Тимирязев көшелері бойымен Желтоқсан көшесіне дейін салынады. Ал БРТ желісінің екінші кезеңі Желтоқсан көшесінің бойымен Төле би көшесіне дейін, Төле би көшесінен Шығыс айналма жолына дейін жүргізіліп, Шығыс айналма жолы арқылы қала шекарасына дейін ұзартылмақ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: