Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Бір тәулік ішінде Алматы облысында заңсыз есірткі айналымының 6 фактісі әшкереленді

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Қарасай ауданының 50 жастағы тұрғынының ауласынан баптап өсірілген 53 түп марихуанна өсімдігі табылып, тәркіленді.

Сурет : Алматы облысы ІІД4 Қыркүйек 2018, 11:34

Полицейлер заңсыз есірткі айналымына қарсы күресті күшейтті. Бұл туралы zakon.kz Алматы облысы ІІД Баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Өңірдегі жүргізілген арнайы іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары бір тәулік ішінде есірткі заттарын өндіру, оны пайдалану мен таратудың алты дерегін әшкерелеп, кінәлі тұлғаларға қатысты істерді өндіріске алған.

«1 күн ішінде ескірткінің заңсыз айналымына қатысы бар алты тұлға анықталды. Оның ішінде, жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Қарасай ауданының 50 жастағы тұрғынының ауласынан баптап өсірілген 53 түп марихуанна өсімдігі табылып, тәркіленді. Айғақзаттың жалпы салмағы жеті килограмм болды. Қылмыстық заңнамаға сәйкес күдіктіге қатысты іс қозғалды»,- деп хабарлайды полиция өкілдері.

Айта кетейік, Алматы облысы Ішкі істер департаментінің статистикалық мәліметтеріне сәйкес жыл басынан есірткіге қарсы күрес полицейлері, облыс аумағында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 300-ден астам құқық бұзушылықты анықтап, төрт тоннаға жуық есірткі өнімдерін тәркілеген.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер