Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте бір тәулікте 11 өрт тіркелді

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2018 18:46 ҚазАқпарат
Қаладағы асханалардың бірі де өртенген.

Шымкент қаласының өрт сөндірушілері бір тәуліктің ішінде 11 мәрте өрт сөндіруге шыққан. Шұғыл шақырылымның бірі қаладағы асханалардың бірінен келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық ТЖД мәліметінше, 3 қыркүйек күні сағат 11.19-да шұғыл кезекшілерге ұялы телефон арқылы хабарлама келіп түскен. Онда Алматы тас жолындағы «Пловцентр» асханасында өрт шыққандығы туралы айтылған. Оқиға орнына жеткен сөндірушілер асхананың пластикалық қаптамалары толығымен жанып кеткенін анықтады.

«Асхананың ішінен сыйымдылығы 50 литр болатын екі газ баллон қауіпсіз жерге шығарылды. Өртті сөндіруге жеке құрамның 21 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды. Жалын сағат 11.37-де толық ауыздықталды. Тілсіз жаудан зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Қазір өрттің шығу себептері анықталуда» - делінген хабарламада.


zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: