Алматыда өрт сөндірушілер 8 жастағы қызды құтқарып қалды

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2018 23:42 ҚазАқпарат
Белгілі болғандай, 4 қабаттағы пәтерлердің бірінде ас үй жиһазы өртенген.

Алматыда өрт сөндіруші 8 жастағы қызды өртенген пәтерден аман-есен алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, төтенше жағдай бүгін Медеу ауданындағы «Төлебаев көшесі, 37» мекенжайы бойынша орналасқан үйде болған.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минутта жеткен.

Белгілі болғандай, 4 қабаттағы пәтерлердің бірінде ас үй жиһазы өртенген.

Пәтерде 8 жастағы қыз бала болған. Өрт сөндіру қызметінің түтіннен қорғау звеносының қызметкерлері қою түтін арасынан 8 жастағы қызды аман алып шықты.

Өрт 12:04-те сөндірілді. Ешкім жапа шеккен жоқ.

Қалалық ТЖД өкілдері тұрғындарға кішкентай балаларды жалғыз қалдырмауды ескертеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: