Семейлік өрт сөндірушілер жеті жастағы қызды аман алып қалды

Бүгін, 2025 жылғы 4 наурызда Семейдегі В. Терешкова көшесінде орналасқан көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер түтіннің екінші қабаттағы пәтерден таралып жатқанын анықтады. , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2025 19:56 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Бүгін, 2025 жылғы 4 наурызда Семейдегі В. Терешкова көшесінде орналасқан көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер түтіннің екінші қабаттағы пәтерден таралып жатқанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, баланың жылаған дауысы естілген пәтердің есігін ешкім ашпаған.

Бала көміртегі тотығымен дем алса, салдары қайғылы болатындықтан, құтқарушылар темір есікті ашуға кететін уақытты жоғалтпай, терезеге қарай ұмтылды. 

"№1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Қалитов Болат жанып жатқан пәтердің терезесіне үш иінді сатымен көтеріліп, қорыққан баланы тауып, таза ауаға шығарды", - деп хабарлады ведомство. 

Үйде ересектердің қарауынсыз жалғыз қалған 2017 жылы туған қыз оған қажетті медициналық көмек көрсетілуі үшін "103" қызметінің бригадасына табысталды.

Өрт те сөндірілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: