Ақтөбелік өрт сөндірушілер өрттен үш бала мен үш ересек адамды аман алып қалды

Ақтөбеде Есет батыр көшесінде орналасқан бес қабатты үйдің бірінде үшінші қабаттағы пәтерде өрт шықты – үйдегі заттар жанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құтқарушылар баспалдақ маршымен алты адамды, оның ішінде үш баланы құтқарды.
Өрт шағын алаңда толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ ескерту жасады:
"Түтіннің көп шоғырланған жерінен сақ болыңыз! Ащы түтінмен бірнеше тыныс алу адамды өлімге алып келуі мүмкін!"
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript