Ақтөбе облысының құтқарушылары өрттен бір адамды аман алып қалды
Сурет: Zakon.kz
Бүгін, 11 қаңтарда таңертең Хромтау қаласы Әуезов көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде түтін шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, бұған тамақтың бақылаусыз қалуы себеп болған.
ТЖМ күштері жабық пәтерден бір адамды құтқарды. Оның уланып қалғаны белгілі болды.
1984 жылы туған ер адам ауруханаға жатқызылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript