Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Елімізде жыл басынан бері 40 ана өлімі тіркелді

Оның бесеуі Астана қаласының тұрғындары болған.

Сурет : Хабар 244 Қыркүйек 2018, 15:53

Жыл басынан бері елімізде 266 мың сәби дүние келген, деп хабарлайды Хабар 24.

Өкінішке қарай, 40 ана өмірімен қоштасты. Оның бесеуі Астана қаласының тұрғындары болған. Үкіметтің баспасөз жиынында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов осындай ақпармен бөлісті. Айтуынша, босанған әйелдердің өмірін сақтап, өлім жағдайын азайтуға қатысты қазір бірқатар шара қолға алынып жатыр. Министр мецининалық мекемелерде олқылықтардың бар екендігін де жасырмады.

- Осы мәселе бойынша әкімшілік жағынан, медициналық көмекті ұйымдастыру жағынан олқылықтар болады. Осыған байланысты шаралар қабылданып, бас дәрігер жұмыстан босатылды. Аталмыш Периниталдық орталықтың және басқа клиникаларға, халықаралық шетелдік орталықтарға оқытуға жіберіледі, - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Сондай-ақ министр белгісіз жәндік шағып қайтыс болған әйелге қатысты тергеу-тексеру жұмыстары басталып кеткенін айтты. Естеріңізге сала кетейік, 31 тамыз күні 28 жастағы әйел емханада дәрі егілгеннен кейін жағдайы нашарлап, көз жұмған болатын. Елжан Біртанов та аталған оқиғаға қатысты пікір білдіріп, осы жайттың тексеру барысы өз бақылауында екендігін жеткізді.

- Бұл жағдайда қажетті сараптама өткізіледі. Тек қана біздің мамандар емес, құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс бастадық, - деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер