Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Теміртауда тойға келгендердің жаппай улануына даяшы себепші болған

Теміртауда үйлену той барысында 18 адам уланып қалған болатын.

Сурет : Baq.kz4 Қыркүйек 2018, 17:09

Сальмонеллез таяқшаларын тасымалдаушы даяшы Теміртаудағы тойда 18 адамның улануына себепкер болған, деп хабарлайды Baq.kz.

"Сальмонеллезді таратушы даяшы екені анықталды және оның бұл кездегі жағдайы қанағаттанарлық болған. Сондықтан да таратушының ерекшелігі ол өзінің жағдайы туралы білмеген және осылайша адамдарға жұқтыра берген», - деді Қарағанды облысы қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің жетекшісі Юрий Залыгин.

Оның айтуынша, мейрамханадағы санитарлық кітапшасы жоқ үш адамның қатарында дәл осы даяшы болған.

«Бүгінде мейрамхана басшылығы медициналық тексерістен өткені туралы анықтамасы жоқ адамды не себепті жұмысқа алғаны анықталуда, тергеу органы тексеруде ", - деген Юрий Залыгин даяшының емделіп жатқанын жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, Теміртауда үйлену той барысында 18 адам уланып қалған. Аталған іс бойынша ҚР ҚК 304 бабы 1 бөлімі бойынша (санитариялық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу) қылмыстық іс қозғалды.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер