Жаңалықтар тізбегі
0

ОҚО: Балмұздақтан уланғандардың басым көпшілігі ауруханадан шықты

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.04.2018 18:29 ҚазАқпарат
Қаланың 188 тұрғыны балмұздақ сататын «Южное» сауда орнынан тәтті жеп, жаппай уланып қалған болатын.

Шымкентте балмұздақтан уланғандардың басым көпшілігі ауруханадан шығарылды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында тек сальмонеллёз жұқтырған 28 науқас ем қабылдауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Күні кеше науқастардың біразы ауруханадан үйлеріне қайтарылды. Ем қабылдау үшін қалған 28 науқастың 11-і - бала, 8-і - жасөспірім және 9-ы - ересек адам. Ересектердің арасында жүкті әйел мен «Южное» сауда орнының екі қызметкері бар. Олар инфекция жұқтырған соң біраз уақыт емделеді», - дейді Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Мира Сүйлейменова.

Еске салайық, қаланың 188 тұрғыны балмұздақ сататын «Южное» сауда орнынан тәтті жеп, жаппай уланып қалған болатын. Олар қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына түсіп, өңірде осы жағдайға байланысты тексеру шаралары жүргізілуде. Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті тарапынан тексеру шаралары нәтижесінде балмұздақ сататын нысан бірде-бір рет тексеруден өтпегені анықталды.

Сондай-ақ балмұздақ дайындауда тазалық нормалары сақталмағандықтан қоспалар мен сынамалардан сальмонеллез мен стафилококк сияқты бірнеше қоздырғыштар табылғаны айтылған.

Тәттіге қажетті сүт тағамдары үй жағдайында дайындалып, талапқа сай келмейтін көлікпен тасымалданып келгені белгілі болды. Осы жағдайға байланысты Облыстық ішкі істер департаменті Қылмыстық кодексінің 304-бабы «санитарлық қағидаларды немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғап, бірнеше сараптамалар тағайындады. Тергеу шаралары әлі аяқталған жоқ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: