Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Әзербайжан жыланның уын экспорттамақ

Әзербайжанға кеңестік кезеңнен шамамен 20 кг жылан уы мұра ретінде қалған.

Сурет : ҚазАқпарат5 Қыркүйек 2018, 09:44

Әзербайжанда қарасұр жыланның уын экспорттау жөнінде келіссөздер басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Институт директорының сөзіне қарағанда, қазіргі кезде Түркияның Marmara Trade компаниясымен жыланның уын экспорттау жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр.

«Олар кеңестік кезеңнен қалған жылан уының бір бөлігін сатып алу үшін жүгінді. Олар халықаралық зертханада сол уға талдау жасайды. Удың жарамдылық деңгейі туралы нақты мәліметтер алынған соң, келіссөздердің келесі кезеңі басталады», - дейді Юсифов.

Оның айтуынша, Әзербайжанға кеңестік кезеңнен шамамен 20 кг жылан уы мұра ретінде қалған. Marmara Trade компаниясы сол удың 8-10 келісін сатып алуға ниет танытып отыр.

Институт директорының сөзіне қарағанда, халықаралық нарықта жылан уының бір грамы 100-500 АҚШ доллары шамасында бағаланады. Егер келіссөздер нәтижесінде удың экспорты жүзеге асатындай болса, Әзербайжан ҰҒА Зоология институтының биология және медицина ғылымдары бөлімі мен Ғылым академиясы президиумында жылан уын өндіруді қалпына келтіру мәселесі көтеріледі.

Айта кетейік, Оңтүстік Кавказ аумағында қарасұр жылан ең көп мекендейтін аймақ Әзербайжан болып табылады. Армения мен Грузияда олар сирек кездеседі.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер