Венесуэлада жер сілкінісі салдарынан биік ғимарат бір жағына қисайып қалды

today.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2018 21:33 today.kz
Биіктігі шамамен 190 метр болатын ғимараттың құрылысы 1994 жылы тоқтап қалған, ұзақ уақыт ол жерде адамдар өмір сүрген.

Каракаста құрылысы аяқталмаған биік ғимараттың жоғары бес қабаты жойқын жер сілкінісінен соң қисайып кетті. Бұл туралы ішкі істер, әділет және бейбітшілік мәселесі бойынша министр Нестор Ревероль Twitter желісіндегі парақшасында хабарлады, деп жазады Today.kz.

Биіктігі шамамен 190 метр болатын ғимараттың құрылысы 1994 жылы тоқтап қалған, ұзақ уақыт ол жерде адамдар өмір сүрген.

Реверольдің жазуынша, Confinanzas ескі қаржы орталығының соңғы бес қабаты 25 градусқа қисайып кеткен.

"Шығынды бағалау жұмыстары жүріп жатыр, ауданда қажетті шара қолданылуда", – деді министр.

Венесуэла сейсмологиялық зерттеу қорының бағалауынша, жер сілкінісінің ошағы 0,1 километр тереңдікте орналасқан, эпиорталығы Ягуарапародан 19 шақырым жерден анықталды. Ол – елдің солтүстігіндегі Сукре штаты. Магнитудасы 6,3. Оңтүстік америкалық елдің билігі жер сілкінісінен адамдар зардап шекпегенін, алайда үлкен қаржылай шығын алып келгенін мәлімдеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: