Орталық Азиядағы ең биік зәулім ғимарат қай жерде салынатыны белгілі болды

Орталық Азиядағы ең биік зәулім ғимарат қай жерде салынатыны белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2026 16:36 Сурет: rmjm
Тәжікстанның Душанбе қаласында биіктігі 340 метр болатын зәулім ғимараттың құрылысы басталды. Жоба аяқталғаннан кейін ол Орталық Азиядағы ең биік ғимарат атануы тиіс, деп хабарлайды Zakon.kz.

Naked Science жазуынша, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен Душанбе мэрі, Тәжікстан Республикасы Жоғары жиналысы Ұлттық кеңесінің төрағасы Рустам Эмомали елордадағы Шохмансур ауданында бой көтеретін жаңа көпфункционалды сәулет кешенінің іргетасына алғашқы тас қалаған.

Құрылысты бес жыл ішінде аяқтау жоспарланып отыр.

Орталық Азиядағы ең биік зәулім ғимарат қай жерде салынатыны белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2026 16:36

Сурет: Тәжікстан Президентінің баспасөз қызметі

Кешен 29 гектар аумақты алып, 52 нысанды қамтиды. Оның ішінде бес биік мұнара болады. Жобаның негізгі нысаны – биіктігі 340 метр, 77 қабатты Dushanbe Tower.

Ол қазіргі таңда аймақтағы ең биік ғимарат саналатын Астанадағы Abu Dhabi Plaza-дан асып түседі. Оның биіктігі – 311 метр, ал қабат саны – 75. Осылайша, Dushanbe Tower одан 29 метр биік болады.

Жаңа кешеннің құрамында қонақүйлер, мейрамханалар, дүкендер мен кеңсе ғимараттары, сондай-ақ 1000 көрерменге арналған концерт залы болады. Сонымен қатар жоба аясында кинотеатр, ойын-сауық орталығы, спорт нысандары және абаттандырылған қоғамдық кеңістіктер қарастырылған.

Кешен аумағында көлі бар саябақ салу жоспарланып отыр.

Жобаның едәуір бөлігін тұрғын үй құрылысы алады. Жалпы саны 6160 пәтер болатын 42 тұрғын үй салу көзделген. Сонымен бірге 1200 оқушыға арналған мектеп және 500 балаға есептелген балабақша бой көтереді.

Жаңа аудан іскерлік, тұрғын үй, қонақүй және ойын-сауық инфрақұрылымын қоғамдық кеңістіктермен және әлеуметтік нысандармен біріктіреді.

Бұған дейін біз әлемдік рекордтардың бәрін жаңартатын, әлемдегі ең ірі әуежайдың салынып жатқаны туралы жазғанболатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: