Қазақстанға Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер жеткізілді

Искусственный интеллект, ИИ, AI, интеллектуальные компьютерные программы, интеллектуальная компьютерная программа, современные технологии, цифровизация , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2025 09:42 Фото: pixabay
Орталық Азиядағы ең қуатты суперкомпьютер Қазақстанға келді. Бұл туралы 2025 жылғы 18 мамырда Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Берілген ақпаратқа сәйкес, суперкомпьютердің өнімділігі шамамен 2 экзафлопсты құрайды.

"Бұл – Орталық Азия тарихындағы алғашқы суперкомпьютерлік кластер. Ол жасанды интеллект пен жоғары өнімді есептеулерге арнайы жасалған NVIDIA H200 жаңа графикалық чиптерінің негізінде жинақталған." Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Суперкомпьютерді орнату және іске қосу оның үздіксіз әрі тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін Tier III сенімділік деңгейіндегі ЦДИАӨМ-тің жаңа деректер орталығында жүзеге асырылады. Бұл Президенттің өзінің цифрлық инфрақұрылымын құру және ұлттық AI-экожүйесін дамыту жөніндегі Жолдауын жүзеге асыру жолындағы маңызды қадам.

"Бұл бастама тек мамандар шеңберіне ғана емес, бүкіл елдің цифрлық экожүйесін дамытуға бағытталған. Мұндай қуаттылық бүгінде денсаулық сақтау, энергетика, білім беру және мемлекеттік қызметтер сияқты барлық салаларда қолданыс табуда." Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Ең бастысы — суперкомпьютер ресурстары баршаға қолжетімді болады. Оларға нейрондық желілерді оқыту үшін есептеу қуаты қажет стартаптар, іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізетін университеттер, сондай-ақ жасанды интеллектті бизнес-процестерге енгізіп жатқан ғылыми орталықтар мен компаниялар қосыла алады.

Суперкомпьютердің жеткізілуі Қазақстанда жоғары өнімді есептеулер экожүйесін дамытуға жол ашты. Айта кету керек, осының аясында Қазақстан алғаш рет жоғары технологиялық жабдықты кедендік баж бен ҚҚС-тан босату механизмін құрды. Бұл елімізді халықаралық IT-компаниялар мен деректер орталығы операторлары үшін әлдеқайда тартымды етеді.

Айта кеткен жөн, Әбу-Дабидің тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Зайд әл Нахаянның Қазақстанға ресми сапары аясында Астанада Presight (G42) компаниясының шетелдік кеңсесінің ашылуы өтті. Сапар барысында Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Presight компаниясы арасында елімізде суперкомпьютерлік кластер құру жөнінде келісімге қол қойылды.

"Бұл — елдің цифрлық инфрақұрылымын дамытудағы стратегиялық маңызы бар қадам. Ол Қазақстанның цифрлық егемендігін және ЖИ технологияларын дамыту мен жаһандық IT ойыншыларын тарту бағытындағы өңірлік көшбасшылығын нығайтады", — деп атап өтті Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.

Бұл жоба — 2029 жылға дейінгі жасанды интеллектті дамыту тұжырымдамасын іс жүзінде жүзеге асырудың маңызды элементі әрі Қазақстанның заманауи IT-инфрақұрылымын қалыптастыру жолындағы негізгі кезеңдердің бірі болып табылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: