Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Сирияда қаза тапқан аға-жеңгесінің екі баласын қарындасы елге жеткізе алмай отыр

Қазақстаннан Мысырға оқуға аттанғанда ерлі-зайыптылар 3 жастағы Аделя және 7 айлық Абдулла есімді екі баласын ала кеткен.

Сурет : pr-hal.kz5 Қыркүйек 2018, 10:28

Қарағандылық Ғанибет Тәжмағанбетова Сириядағы бауырларын елге қайтару үшін құзырлы органдардан көмек сұрайды. Жат жерде көз жұмған ағасының балаларын қазір бейтаныс жандар асырап алған. Ерлі-зайыптылар осыдан 6 жыл бұрын Мысырдың Александрия қаласына кеткен. Көп ұзамай құзырлы органдар олардың Ауған-Пәкістан шекарасында қайтыс болғанын хабарлаған. Ал, балалары белгісіз себептермен Сирия аумағынан бірақ шыққан. Ғанибет Тәжмағанбетованың ендігі мақсаты – бауырларын аман-есен елге қайтару. Бұл туралы zakon.kz, QAZAQSTAN телеарнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл бейнежазбадағы сәби ерлі-зайыптылар Бексейітов Еркін мен Теміржанова Индираның кенже баласы Әбдірахман. Қазақстаннан Мысырға оқуға аттанғанда ерлі-зайыптылар 3 жастағы Аделя және 7 айлық Абдулла есімді екі баласын ала кеткен. Ал, Әбдірахман болса Пәкістанда дүниеге келген. Соңғы рет Еркін қарындасы Ғанибетке 2013 жылдың орта тұсында хабарласыпты. Осыдан соң жақын-жуықтары тек 5 жылдан кейін ғана тиісті органдардан Еркін мен Индираның 2013 жылы Ауған-Пәкістан шекарасында қайтыс болғанын естіген. Ұлдары Абдулла сары ауруға шалдығып, жат жерде дүние салған. Ал, қалған екі бала туралы Сирияда тұрып жатқан қазақстандық әйелдің Оралдағы анасынан әлеуметтік желі арқылы біліпті.

Ғанибет Тәжмағанбетова, Е.Бексейітовтің қарындасы: - Ол кісі Түркияда Стамбул қаласында тұрған. Балалар Түркияда мектепке барған, біреуі балабақшаға барған. Сол жерде медициналық көмек көрсетілген. Бірақ, босқын ретінде жүргендіктен олардың Қазақстанның балалары екенін ешкім білмеген. Енді қазір хабарласып отырған жері Сириядағы Абу Кемал ауданы Суса. «Біз қоршауда отырмыз», - дейді.

Балалар қазір Сирияның ту қиырындағы Суса ауылында тұратын Максим Айдана есімді азаматшаның қолында. Орыс жігітіне тұрмысқа шыққандықтан, тегін өзгерткен. Айдана тек интернетке қолы жеткен кезде ғана балалардың жақын-жуықтарымен байланысқа шығады екен.

Ғанибет Тәжмағанбетова, Е.Бексейітовтің қарындасы: - Сыртқы істер министрлігінен, консулдардан сұрайтыным, бізге қол ұшын берсе. Әбдірахман мен Адикошымызды әкеліп берсе бізге.

Қыркүйектің 5-сі күні Ғанибет Тәжмағанбетова Астанаға жолға шығып Сыртқы істер министрлігіне бармақ. «Көздің ақ пен қарасындай қос бауырын қалай да елге аман-есен қайтарып алсам», - дейді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер