Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағалары заңмен реттелмек

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2018 18:45 ҚазАқпарат
Дәрі-дәрмек отандық немесе шетелдік болсын - талап бәріне бірде қойылады.

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағаларының ала-құлалығын реттейтін заң жобасы әзірленіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі мәселе жалпы медициналық мекемелерде, тегін медициналық кепілдендірілген көлемде сатып алынатын және дәріханалардағы дәрі-дәрмектердің бағаларын реттеу болып табылады. Өйткені, Елбасының осыған байланысты тапсырмасы бар. Қазіргі таңда өкінішке қарай, дәрі-дәрмектер әртүрлі аумақтарда әртүрлі бағада сатылып жатыр. Мәселен, бір дәрі-дәрмек Алматыда 100 теңгеден тұрса, тура сол дәрі Оралда оның бағасы мың теңгеге дейін болуы мүмкін. Ең бастысы бұл - дестрибюторлық бағалардың қалыптастыру нәтижесінде пайда болады», - дейді «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріп Астанада өткен дөңгелек үстел барысында.

Оның айтуынша, азаматтар дәрі-дәрмекті тең деңгейде сатып алу үшін, яғни бағадағы ала-құлалықта тап болмас үшін Денсаулық сақтау басқарамасы тарапынан жаңа бұйрық жобасы ұсынылып отыр.

«Жекелей және жаппай сатып алу кезінде дәрі-дәрмектердің бағасын қадағалау үшін жаңадан бұйрықтың жобасы әзірленді. Сол себептен медициналық мекемелер, дестрибюторлық компаниялар жағынан, зауыттардан ұсыныстар енгізіліп жатыр. Бүгінгі жиын барысында осыған байланысты көптеген сұрақтар туындап отырғанын көріп отырсыздар. Сол сұрақтарды талдап, бұл заңнамаға нарықтың барлық қатысушыларының талаптарын ескеру үшін жиналып отырмыз», - дейді ол.

Берік Шәріптің сөзіне сүйенсек, жаңа құжат күшіне енген жағдайда жалпы дәрі-дәрмектің отандық немесе шетелдік болсын - талап бәріне бірде қойылады.

«Бізде Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы бар. Соның аясында дәрі-дәрмектер бойынша нарыққа қатысушылар түгелімен өз жағынан бағаларды тіркеуден өткізеді. Одан кейін дестрибюторлық қосымша бағаны қолданады да, бұл дәрі-дәрмектер тең бағада тікелей бүкіл аумаққа сатылады. Құжат қабылданғаннан кейін әрине, бізде біріншіден фармация комитеті дәріханалардың дәрі-дәрмектерді қандай бағамен сататынын қадағалайды. Екінші жағынан, дәрі-дәрмектің түбіртегін сақтап, бағаның қымбаттатылғанын біліп, фармация комитетіне шағым жасасаңыз, әрине, бағаны негізсіз көтерген дәріханаларға айыппұл салынады», - дейді ол.

Дәрі-дәрмектердің бағалары Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығының сайтында жарияланады.

«Ашық түрде сол сайттардан дәрі-дәрмектердің бағасын көруіңізге болады», - деп түйді сөзін Берік Шәріп.


zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: