Жаңалықтар тізбегі
0

Таразда жастардың жаппай төбелесі адам өлімімен аяқталды

www.belnovosti.by, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2018 21:17 www.belnovosti.by
Жас жігіттің қатты соққыдан бас миы зақымданып, миына қан кеткен.

Таразда 2-қыркүйек күні болған жаппай төбелестен жас жігіт қаза тапты. Оқиға таңғы сағат 4:30-да, Қазыбек би көшесінде орналасқан “Барбарис” кафесінде орын алған. Төбелестен қаза тапқан жігіт 23 жаста, – деп хабарлайды “ZhambylNews” AA облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жас жігіттің қатты соққыдан бас миы зақымданып, миына қан кеткен. Ол есін жимастан, №1 қалалық ауруханада қайтыс болды.

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Тараз қаласының 21-22 жас аралығындағы үш тұрғыны күдікті ретінде ұсталды. Жастардың жаппай төбелесі сол маңайдағы бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Жергілікті ішкі істер департаменті тергеу шаралары жүріп жатқандықтан бейне түсірілімді бермеді.Бірақ, бейнетүсірілім уатсапп əлеуметтік желісінде таралды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 106-бабының 3-бөліміне сәйкес алдын ала тергеу жүргізілуде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: