Қазақстандық жігіт Оңтүстік Кореяда бала қағып, елге қашып кеткен
Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында жол көлік апаты орын алып, 7 жасар бала ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Баланы қағып, ізін суытқан күдікті Қазақстан азаматы делінуде, деп хабарлайды Zakon.kz Kukmin Ilbo басылымына сілтеме жасап.
34 жастағы Джанг Хендок 7 жасар баласын қаққан күннің ертеңінде 20 жасар қазақстандықтың ұшаққа мініп, өз еліне қайтып кеткенін айтады. Полиция жол-көлік оқиғасы орын алған бірнеше шақырым жердегі - Noksan саябағы маңынан қараусыз қалдырылған көлікті тауып алған, бірақ күдікті ізін суытқан.
Баланың миына қан кеткен, бас-сүйегі бірнеше жерінен сынған, оған ота жасалды.
Қазақстандық полицейлер қайғы жұтқан ер адамға қаскөйді жақын арада табу үшін барын салатындарына сендіруге тырысты.
Айта кетсек, 2012 жылы Оңтүстік Корея мен Қазақстан арасында экстрадиция туралы келісім жасалған.