Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда әйелді баласымен қағып, қашып кеткен BMW жүргізушісі ұсталды

belnaviny.by, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2019 22:22 belnaviny.by
Оған ҚР ҚК екі бабы бойынша айып тағылады.

Алматыда көшеде әйелді баласымен бірге қағып, екі адамның өліміне себепші болған қашқын-жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 9 тамызда сағат 21:00-де Бурундайская көшесінде болған еді. BMW маркалы автокөлік жүргізушісі екі жүргіншіні қаққан: 1996 жылғы әйел мен оның 5 жастағы баласын.

- Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Оны іздестіру арнайы іздеу тобы құрылды. Енді күдікті – 1986 жылғы күдікті ұсталып, қамауға алынды. Оның көлігі тәркіленіп, қылмыстық іске тіркелді, - деді Алматы қалалық Полиция департаментінің Тергеу басқармасы.

Ұсталған азаматқа қарсы Қылмыстық кодекстің бірден екі бабы бойынша айып тағылады: 345 баптың 4 б. – екі және одан да көп кісі өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы және 347 бап – жол-көлік оқиғасы орнын тастап кету.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: