Алматыда дрифт жасаған BMW жүргізушісі ұсталды
polisia.kz
Оған қатысты екі бап бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Алматыда көліктер жүріп жатқан сәтте жол орамында дрифт жасап, елге қауіп төндірген BMW жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.
Оның заңсыз бұл әрекеті әлеуметтік желілерді бақылау барысында анықталды. Дереу тексеру ұйымдастырылды. Қалалық полиция қылмыскердің қамауға алынғанын хабарлады. Ол 26 жастағы азамат болып шықты.
- Ол біздің бөлімге жеткізілді, оған ҚР ӘҚЖК-ның екі бабы бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды: 596-баптың 2-бөлімі және 590-баптың 7-бөлігі. Бұл көліктің заңсыз жабдықталып, оған дыбыс тұншықтырғыш орнатылғандығы белгілі болды. Өз кінәсін мойындаған азамат И. көліктер жүріп жатқан жолда мұны қызық үшін жасағанын айтты. Оған құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жол ережелерін қатаң сақтауды талап етілді, - дейді Алматы қалалық Полиция департаментінің жергілікті полиция бөлімінің бастығы Манап Саттаров.
Оқи отырыңыз
Назарбаев АЭС бойынша референдумда дауыс берді
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript