Жаңалықтар тізбегі
0

«Қостанай-Арқалық» пойызының дөрекі жолсерігі жазаланды

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2018 21:18 ҚазАқпарат
Оған қатысты ҚР Әкімшілік кодексті 667-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеоның кейіпкері - «Қостанай-Арқалық» пойызының жолсерігі жолаушыға дөрекі сөйлегені үшін жазаланды. Бұл туралы Көліктегі ІІД-нің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қостанай стансасы Желілік ішкі істер бөлімінің кезекшілік бөліміне 1988 жылғы жолаушыдан «Қостанай-Арқалық» пойызының жолсеріктерінің біріне қатысты шағым түсті. Әйелдің айтуынша, жолсерік дөрекілік танытып, жолаушыға дауыс көтерген. Желілік ІІБ қызметкері тексеру кезінде мән-жайды анықтау үшін полиция бөлмесіне баруын сұраған, алайда ол бас тартқан. Ер адам полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбай, әкімшілік құқық бұзған. Кейін құқық бұзушы Желілік ІІБ кезекшілік бөліміне жеткізілді. Ол полиция бөлімінде толықтай өз кінәсін мойындады», - деп хабарлады Көліктегі ІІД-нің баспасөз қызметі.

Оған қатысты ҚР Әкімшілік кодексті 667-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Қостанай қалалық мамандандырылған әкімшілік соты оны айыпты деп танып, ескерту түріндегі әкімшілік жазаға тартты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: