Талдықорғанның кадеттері жол полициясының жұмысына қолдау көрсете бастады

Алматы облысы ІІД Баспасөз қызметі Алматы облысы ІІД Баспасөз қызметі
Олардың бұл істері елімізде оқу жылының басынан бері өткізіліп жатқан «Абайлаңыз, балалар!» атты онкүндік шеңберінде ұйымдастырылуда.

Талдықорған қаласының кадет сыныптарында білім алушылар балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу бойынша жол сақшыларының жұмысына өз үлестерін қосуда. Бұл туралы zakon.kz Алматы облысы ІІД Баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2018-09/thumbs/1536207642_k1.jpg

Олардың бұл істері елімізде оқу жылының басынан бері өткізіліп жатқан «Абайлаңыз, балалар!» атты онкүндік шеңберінде ұйымдастырылуда.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2018-09/1536207613_k3.jpg

«Биыл облыс орталығының екі білім ошағында жаңадан ашылған екі кадет сыныбы өз жұмысын бастады. Кадеттер, яғни, 5 сынып оқушылары, өз қатарластары арасындағы жол-көлік жарақатының алдын алуды ұйымдастыруда өздерінің үлестерін қосуда. Көлік жүргізушілерінің назарын аудару үшін ұйымдастырылған «Айқын бол!» акциясына белсене қатысқан кадеттер мектеп оқушыларына жарық шағылыстыратын белгілер мен смайлдар жапсырды. Ең алдымен, екінші ауысымда оқитын және үйіне кешірек қайтатын оқушыларды қамтуға тырыстық»,- деді өз сөзінде ІІД Жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы полиция майоры Айжан Әлібайқызы.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2018-09/thumbs/1536207589_k2.jpghttps://static.zakon.kz/uploads/posts/2018-09/thumbs/1536207568_k5.jpg

Елімізде жол-көлік жарақатын өте өзекті мәселенің бірі деп санайды тәртіп сақшылары. Олардың талдауына сәйкес өңірде жыл басынан бері кәмілеттік жасқа толмаған 100 астам бала зардап шегіп, оның он екісі мерт болған. Өз кезегінде, полиция азаматтарды жолда мұқият болуға, балалардың жарақаты мәселесіне бейжай қарамауға шақырады.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2018-09/thumbs/1536207579_k4.jpg

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз