Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Франкфуртта ескі дизельді көліктерге тыйым салынады

Бүгінде Германияда ауаның бір текше метрінде ең жоғары дегенде 40 микрограмм қос қошқылды азоттан келеді.

Сурет : ҚазАқпарат6 Қыркүйек 2018, 16:15

Майндағы Франкфуртта келесі жылдың ақпан айынан бастап дизельді қозғалтқышпен жүретін ескі автокөліктерге тыйым салынады. Мұндай шешімді Висбадендегі әкімшілік сот қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соттың үкіміне сәйкес, 2019 жылғы ақпаннан бастап ауаның азот диоксидімен ластануын жақсарту үшін Еуро-4 экологиялық стандартына сәйкес емес немесе одан да төмен дизельді көліктер қалаға кіргізілмейді.

«2019 жылғы 1 қыркүйектен «Еуро-5» санатындағы дизельдік көлік құралдарын жүргізуге тыйым салынуы керек», - делінген сот шешімінде.

Айта кету керек, ЕО елдерінде дизельдік қозғалтқышпен жүретін жеңіл көліктер кең таралған. Жалпы, Еуропаның 40 пайыздан астам көліктері жанармайдың аталған түрін пайдаланады. Қазіргі таңда экологиялық талаптарға мейлінше сай келетін Еуро-6 стандарты 2014 жылдың соңынан бері қолданылып келеді.

Бүгінде Германияда ауаның бір текше метрінде ең жоғары дегенде 40 микрограмм қос қошқылды азоттан келеді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер