Жаңалықтар тізбегі
0

Түлкібас ауданында ардагерлерге арналған ескерткіш ашылды

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2018 23:34 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Шара барысында ескерткіште есімдері жазылған боздақтардың рухына құран бағышталды.

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Түлкібас ауданында М.Жәрімбетов ауылында республикалық «Уақып» қорының төрағасы Қайрат Орынбайұлы мен ауыл тұрғындарының ұйытқы болуымен Ұлы Отан соғысы, батыр ана және тыл еңбеккерлеріне арналған ескерткіштің ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы zakon.kz, Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Ескерткіштің ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Н.Тұрашбеков ауыданның 90 жылдығына орай бірқатар киелі жерлер жаңғыртылып, елді – мекендерде ескерткіштер бой көтеріп жатқандығын жеткізді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2018 23:34

«Жыл басынан бері Алғабас, Рысқұл ауылдарында Ұлы отан соғысына аттанған жауынгерлер мен тыл еңбеккерлері, батыр аналардың есімдері жазылған ескерткіштер ашылса, бүгін осы ауылда туған бір топ азаматардың демеушілігімен ескерткіш бой көтеріп отыр. «Өткенді ұлықтау - өскендіктің белгісі» деген қанатты сөз бар. Осыған орай соғыс жылдарына бейбіт өмір үшін соғысқан осы ауылдың 86 ардагер аталарымыз бен 96 батыр ана, 214 тыл еңбеккерлерінің есімдері бүгінгі ескерткішке ойылып жазылған. Көпке үлгі боларлық өнегелі іс келешек жас ұрпаққа тарих деп білемін. Өйткені бүгінгі ескерткіште жазылған асыл азаматтар мен азаматшалардың жанқиярлық ерлігі мен есіл еңбегі жас ұрпақ үшін өнеге», - деді аудан басшысы.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2018 23:34

Шара барысында ескерткіште есімдері жазылған боздақтардың рухына құран бағышталды. Іс-шара соңы аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2018 23:34

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: