Шымкенттегі ескерткішті қиратып кеткендер іздестіріліп жатыр

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2018 22:43 ҚазАқпарат
Ардагерлердің есімдері жазылған мәрмәр тасты қиратқан вандалдар қазір іздестіріліп жатыр.

Шымкенттегі майдангерлердің ескерткішін қирату оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанат Бегімбайқызының сөзінше, ардагерлердің есімдері жазылған мәрмәр тасты қиратқан вандалдар қазір іздестіріліп жатыр.

«Шымкент қаласы, Абай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері осы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде. Вандалдар жан-жақты іздестірілуде», - деді баспасөз қызметінің жетекшісі.

Айта кетейік, қаладағы қорғасын зауытының аумағында салынған ескерткішті вандалдар қиратып кеткені жайлы бұған дейін де белгілі болған еді. Екінші дүниежүзілік соғысы майдангерлерінің құрметіне тұрғызылған нысанда аталған зауыттан соғысқа аттанған 113 ардагердің есімдері тасқа қашалып жазылған болатын. Ал, белгісіз біреулер бұл жерді қиратып, мәрмәр тастарын сындырып кеткен. Ондағы мәңгілік алау орны түбімен қопарылып тасталған.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2018 22:43

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2018 22:43

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2018 22:43

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.05.2018 22:43

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: