Елімізде ақылы автожолдар көбейеді

Хабар 24 Хабар 24
Жеңіл көлік иелері 1 шақырым үшін – 1 теңге, жүк көлігіне 15 теңге төленуі тиіс.

2020 жылы Ресей-Ақтөбе-Қызылорда, Тараз-Қайнар, Қызылорда-Шымкент-Тараз, Шымкент-Өзбекстан шекарасы аумақтарындағы автожол ақылы болады, деп хабарлайды Хабар 24.

Бүгінде 300 шақырым аумақты қамтыған Алматы-Қорғас жолында да ақы алу жүйесі монтаждалуда. Қыркүйек айында бұл жұмыстарды толығымен аяқтап, қажетті жабдықтарды орнату және сынақ түріндегі ақы алу жүйесін іске қосу жоспарланған. Сондай-ақ биыл инвестиция және даму министрлігі «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізі сынды 13 аумақтағы автожолды ақылы ету жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ол 5000 шақырымға созылған. Ал жол құны Астана-Щучинск автобанына сәйкес бекітіледі. Яғни жеңіл көлік иелері 1 шақырым үшін – 1 теңге, жүк көлігіне 15 теңге төленуі тиіс.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз