БҚО-да полиция қызметкері басшысын атып тастады

Хабар 24 Хабар 24
Оқ атқан сақшы бірден қамауға алынды.

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкері өзінің взвод командирін атып өлтірді, деп хабарлайды Хабар 24.

Қайғылы оқиға Ақжайық ауданындағы ішкі істер бөлімінде болған. Оқ атқан сақшы бірден қамауға алынды.

Бейресми дерек көздеріне сүйенсек, марқұм мен күдіктінің арасында келіспеушілік туып, олар жаға жыртысуға дейін барған көрінеді. Көп ұзамай сержант табельдік қаруымен қарсыласын бірнеше рет атқан. Салдарынан взвод командирі оқиға орнында көз жұмған.

Бұл істің мән-жайын анықтау үшін Ішкі істер министрлігінің қызметкерлерінен жасақталған арнайы топ Астанадан Оралға жетті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз