Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қазақстан Президенті жас отау иелерін құттықтап, оларға бақыт тіледі

Ертең Қазақстанда Отбасы күні аталып өтеді.

Сурет : akorda.kz7 Қыркүйек 2018, 13:34

Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Елбасы жас жұбайлардың неке қию рәсімі өтіп жатқан жаңа «Ақ сарай» салтанат сарайына барды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті жас отау иелерін құттықтап, оларға бақыт, шаңырақтарына береке тіледі.

– Ертең Қазақстанда Отбасы күні аталып өтеді. Көп адам үшін бақыт дегеніміз – отбасы және балалары. Сіздерді өмірлеріңіздегі ең жарқын оқиғамен құттықтаймын! – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы отбасы институтын нығайтудың және еліміздің жас ұрпағын тәрбиелеудің маңыздылығын атап өтті.

Жас шаңырақ иелері Қазақстан Президентіне жас отбасыларды қолдау бағытында жүргізіліп жатқан саясаты үшін, соның ішінде «7-20-25» бағдарламасы үшін алғыс білдірді.

Жаңа салтанат сарайы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жеке кәсіпкердің қаражатына салынған.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер