Жаңалықтар тізбегі
0

Нұрсұлтан Назарбаев металлургтардың жұмысы ауыр екенін атап өтті

ustinka.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.09.2018 20:04 ustinka.kz
Нұрсұлтан Назарбаев Теміртау қаласы мен зауытқа қатысты жағдайды үнемі өз бақылауында ұстайтынын айтты.

Қазақстан Президенті «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамына барды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев қара металл прокатын шығаратын Қарағанды облысындағы ірі кәсіпорындардың бірін аралап көрді.

Елбасы сұрыпты прокат өндіру технологиясымен және металлургия комбинатын одан әрі дамыту жоспарымен танысты.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысына ЖЭО-1 және ЖЭО-2 орталықтарын қайта жөндеу жоспары, сондай-ақ өңірдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шешімдер туралы баяндалды.

Елбасы кәсіпорынның еңбеккерлерімен кездесіп, әңгімелесті.

– Қазір зауыт аумағында бойымды ерекше бір сезім баурап алды. Мен мұнда алғаш рет 1958 жылы кірген едім. Ол кезде бұл жерде ештеңе болған жоқ. Барлығы менің көз алдымда салынды, – деп Қазақстан Президенті еске алды.

Нұрсұлтан Назарбаев комбинат металлургтары мен еңбеккерлерінің жұмысы ауыр екенін атап өтіп, Теміртау қаласы мен зауытқа қатысты жағдайды үнемі өз бақылауында ұстайтынын айтты.

Әңгіме барысында Елбасы компания басшылығына қала тұрғындарының тұрмысын жақсарту жолында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі зор екенін ескертті. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы қалада медициналық, білім беру және спорт нысандарының санын көбейту қажеттігін атап өтті.

Зауыттың еңбек ұжымы өкілдері Қазақстан Президентінің бастамаларына және елімізде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламаларға қолдау білдіретіндерін жеткізді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: