Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Оқи отырыңыз

Қарағандыда шіркеуден 193 мың теңге қолды болған

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 33 жастағы қала тұрғыны анықталды және ұсталды.

Сурет : Baq.kz7 Қыркүйек 2018, 14:53

Қарағандыдағы католик шіркеуінен қомақты қаржы жоғалған. Полиция қызметкерлері шіркеуді тонады деп күдікке ілінген 33 жастағы ер адамды ұстады, деп xабарлайды Baq.kz агенттігінің аймақтағы тілшісі.

2 қыркүйек күні белгісіз біреу Қарағандыдағы Рим-котолик шіркеуіне келіп, монаx әйелдің жоқтығын пайдаланып, қабылдау бөлмесіне жасырын кіріп, қорапшада тұрған 193 000 теңгені жымқырып кеткен. Шіркеудегі ұрлық жайлы қалалық Ішкі істер басқармасының Оңтүстік-Шығыс бөліміне монаx әйел xабарлап, шағым түсірген. Полиция қызметкерлері көп ұзамай шіркеуді тонады деп күдікке ілінген қала тұрғынын құрықтады.

«Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 33 жастағы қала тұрғыны анықталды және ұсталды. Ол шіркеудің қабылдау бөлмесіне кіріп, монаx әйелдің жоқтығын көріп, ақшаны ұрлағанын мойындады. Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабы, 2-тармағына сәйкес, яғни «Өзгенің мүлкін ұрлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - дейді Қарағанды облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз xатшысы Бақытжан Құдияров.

Оның айтуынша, сотқа дейінгі сараптама тағайындалып, тергеу жүргізілуде.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Қызықты
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер