Қыз ұзата бастаған Гүлзира Айдарбекова жұрттың қызу талқысына түсті

Instagram Instagram
Күні кеше ол туған жері Түркістан қаласында тойға қатысып, қатарынан бірнеше бойжеткенді ұясынан ұшырды.

Жұлдызды көпке таныстырған соң, Гүлзира Айдарбекова келінімен бірге қыз ұзатқан еді. Алайда мұндай қадамға туысының өтінішімен барғанын айтып ақталған-ды, деп жазады Stan.kz.

“Әнші емеспін, әншінің продюсерімін, біразыңыз әнші болмай-ақ қой деп ауыр сөздер де жазуларыңыз мүмкін”, – деп даудың алдын алған еді Қайрат Нұртастың анасы.

Бұдан кейін Гүлзира Айдарбековаға ән шырқау ұнап қалған секілді. Ол жары Нұртас Айдарбековпен, кейін ұлы Қайратпен де ән айтты. Енді Гүлзира Үсенқызы қыз ұзатуға кірісті.

Күні кеше ол туған жері Түркістан қаласында тойға қатысып, қатарынан бірнеше бойжеткенді ұясынан ұшырды.

Желі қолданушылары Айдарбекованың бұл бастамасына сан түрлі пікірлерін білдіріп жатыр. Олардың бірі продюсерді “даусы жоқ” деп сынға алса, екіншілері көпке үлгі болатын отанасының қыз ұзатқанын жөн деп тауып, мақтау сөздерін асырды.

zkadm
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз