Депутаттар жол бойына ағаш отырғызуды ұсынды

egemen.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2018 22:16 egemen.kz
Бұл жағдайда ағаш отырғызу үшін жол бойындағы жекеменшік жерлерді алу ұсынылады.

Парламент Мәжілісіндегі көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі комиссияның отырысында депутаттар жол бойына ағаш отырғызу мәселесін көтерді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

«Мемлекет қажеттілігі үшін жерді алу туралы заң бар. Үкімет деңгейінде бір-ақ қағазбен шешуге болатын еді, біз оны қолдаймыз», - деді мәжілісмен Дархан Мыңбай.

Оның пікірінше, бұл мәселе көтерілу керек.

«Себебі жол - ол жол, ал ағаштар бір күнде өсе қоймайды. Сондықтан да тиімді шаралар қолдану керек», - деді ол.

Парламент депутаты бұл қоршаған ортаға әсер ететін маңызды сәт екенін атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: