Павлодарлық бизнесмен жасыл екпелерді кескені үшін 95 ағаш отырғызады

Рavlodarnews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.03.2018 21:30 Рavlodarnews.kz
Әрбір заңсыз кесілген ағаш үшін аталмыш ұйым бес ағаш отырғызып, оған екі жыл мерзімінде күтім жасауы қажет.

Павлодарда заңсыз 19 түп ағаш кешкен «Хаги-Павлодар» ЖШС 95 ағаш отырғызатын болды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Қала әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 20-наурыз күні Кутузов көшесі, 41 мекенжайы бойынша орналасқан «Артур» СҮ аумағында заңсыз сегіз түп қарағай мен 11 түп қайың ағашы кесілген.

- Қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша тиісті шаралар қолданып, «Хаги-Павлодар» ЖШС әкімшілігі ҚРӘҚБтК 505-бабының 1-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ 40 АЕК (96200 теңге) көлемінде айыппұл салынды, - дейді Павлодар ІІБ ЖПҚ басшысы Арман Қаптаев.

ҚР Ұлттық Экономика министрінің 2015 жылғы 20-наурыздағы № 235 жасыл екпелерді қорғау және сақтау туралы бекіткен бұйрығының ережелеріне сәйкес, жасыл екпелерді заңсыз кесу кезінде бес есе еселенген өтемақы мөлшері белгіленеді.

- Әрбір заңсыз кесілген ағаш үшін аталмыш ұйым бес ағаш отырғызып, оған екі жыл мерзімінде күтім жасауы қажет, - деді қалалық ТҮКШ бөлімінде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: