Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада қарбыздан тағы да зиянкестер табылды

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2018 22:55 ҚазАқпарат
Соттың шешімімен өнім иесіне 33 670 теңге айыппұл салынды.

Елордада өңірлерден әкелінген қарбыздан кезекті рет зиянкестер табылды. Бұл жолы сатылымнан 20 тонна өнім алынды. Олар Шымкенттен жеткізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік инспекторлар карантиндік фитосанитарлық бақылау жүргізу барысында қауын шыбынымен залалданған қарбызды сатудың кезекті рет жолын кесті. 20 тонна қарбыз Шымкент қаласынан әкелінген», - деп жазылған ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Фейсбуктегі ресми парақшасында.

Белгілі болғандай, карантиндік зиянкестің таралуының алдын алу мақсатында өнімнің 209 келі көлеміндегі бөлігі сатылымнан алынып, көму арқылы жойылған. Сонымен қатар, аталған факті бойынша ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 400-бабы 2-бөлігінің 3-тармақшасы негізінде іс қозғалды.

«Соттың шешімімен өнім иесіне 33 670 теңге айыппұл салынды», - делінген жазбада.

Еске сала кетсек, осы жылдың тамыз айында астаналық инспекторлар Жамбыл облысынан жеткізілген қарбыздан қауын шыбынын тауып, 150 келі қарбызды жойған болатын.

Айта кетейік, Қауын шыбыны өте қауіпті карантиндік зиянкес болып табылады. Негізі қауын, қарбыз, асқабақ, қияр, мәдени және жабайы асқабақты дақылдарды зақымдайды.

«Зиянкес адамдар мен жануарларға зияны жоқ. Алайда елорда аумағындағы ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілердің ашық және жабық жылыжайларда өсіріп отырған өсімдіктеріне қауіп тудырады. Зиянкес жемістерді зақымдап, олардың шіруіне әкеп соғады. Ондай жемістер пайдалануға жарамсыз. Зиякестер өнімділікті 20 пайызға дейін немесе одан да жоғары пайызға дейін төмендетеді. Оның жекелеген аймақтарда таралған ошақтары өнімді 50-100 пайызға зақымдайды», - деп ескертеді ҚР АШМ.


zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: