Белгіленбеген орында сауда жасағандар айыппұл төлейді
Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жыл басынан бері ҚР ӘКБтК 204 бабы «Белгiленбеген орындарда сауда жасау» бұзудың 600-ден астам оқиғасын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары белгіленген орындардан тыс жерлерде сауда жасау фактілеріне жол бермеу мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізіп отырады.
Тексеріс жұмыстарын жүргізу барысында Уәлиханов көшесіндегі «Тұлпар» сауда орталығына қарама-қарсы орналасқан, белгіленген орындардан тыс жерде сауда жасау фактісі анықталды.
«22 жастағы азаматқа 5 АЕК (12025 теңге) көлеміндегі айыппұл салынды. Содай-ақ, құқықбұзушыға заңнаманың негізгі баптары түсіндіріліп, қала аумағындағы базарлар мен жәрмеңкелердегі орындарда сауда жасау ұсынылды», - делінген ведомствоның хабарламасында.
Астана қаласының ІІД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен жыл басынан ҚР ӘКБтК 204 бабы «Белгiленбеген орындарда сауда жасау» бойынша 600-ден астам құқықбұзушы тіркелді.