ОҚО-да жол сапасына салғырт қарағандарға 8,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
Хабар 24
9 мердігер, 4 жобалаушы және 4 техникалық қадағалаушы мекемеге 8,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды.
Оңтүстік Қазақстан облысында жол жөндеуге салғырт қарағандар анықталды, деп хабарлайды Хабар 24.
Жұмысты сапасыз әрі мерзімінен кешіктірген 9 мердігер, 4 жобалаушы және 4 техникалық қадағалаушы мекемеге 8,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Және соның жартысына жуығы бүгінде өндіріліпті. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы мәлімдеді. Өңірде былтыр 19 көпір жөндеуден өткен.
«Биыл да жол құрылысы қарқын алғалы тұр», – дейді жауапты тұлғалар.
- 2018 жылы қаралған қаржы – 38,8 млн теңге. 2017 жылмен салыстырған кезде 42 пайызға артып отыр. Ол қаржыға 583 нысан, 1576 шақырым жолдар мен ішкі көшелер жөнделетін болады, - дейді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, Нұрлан Байғұт.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript